Президенттер «Дордой Номад» мәдени орталығына барды
Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.
20.07.2022 22:35
2022
Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл туралы Борт1 телеграм арнасы хабарлады.
Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады.
Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты.
Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Зиратқа жасырған. Жамбылда қару-жарақ табылды
Келесі жаңалық
«Ата жолы» картасы: этникалық қазақтар елге оралды