Жаңалықтар

Президентпен бірге Жаңа Қазақстанға аяқ бастық – Халық қаһарманы

Президентпен бірге Жаңа Қазақстанға аяқ бастық – Халық қаһарманы
Фото: Ақорда 26.11.2022 13:56 1509

Халық қаһарманы Бахытжан Ертаев Президентті ұлықтау рәсіміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Бүгін біздің Президентіміз бүкіл ел алдында оң қолын ҚР Конституциясына қойып, ант берді. Біз өте қуаныштымыз және бұл қуанышты бөлісуіміз қажет. Ол үшін бәріміз бір сапта болуымыз керек. Президентпен бірге Жаңа Қазақстан болашағына қадам басайық», - деп тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жастарға қолдау білдіру қажеттігі туралы Үкіметке тапсырма берді. Бұған халық қаһарманы жастарға үлкен үмітпен қарайтынын және әркез көмек беру керектігін айтты.

«Жақында ғана бүкіл қаһамандармен және еңбек ардагерлерін жинап үлкен конференция өткіздік. Мұндай жиын бұрын-соңды болған емес. Қазір бізде «Егеменді қазақ батырлары» деген топ бар. Ең негізгі мақсат – болашақ», - деді.

Президенттің 7 жыл мерзімге сайланғандығы жөнінде ол қуанышты екенін білдірді.

«Қазір қарапайым халықтан сұрасаңда, бұған бәрі қуанышты. Еліміз жеңді. Әскери адам ретінде елімізге бейбіт өмір тілеймін. Ешқашан соғыс болмасын», - деді Халық қаһарманы Бахытжан Ертаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға