Жаңалықтар

Президентке 53 шенеуніктің жемқорлығы әшкереленгені хабарланды

Президентке 53 шенеуніктің жемқорлығы әшкереленгені хабарланды
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 11.04.2023 13:15 1083

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали президентке еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар. 

Сондай-ақ, агенттік төрағасы биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы іске қосылғанын мәлім етті. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алған.

Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізілген, – деп хабарлады Ақорда.

Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға