Жаңалықтар

Президенті іс басқармасының мамандары Шымкенттегі балабақша жұмысымен танысты

Президенті іс басқармасының мамандары Шымкенттегі балабақша жұмысымен танысты
Фото: udp-rk.kz 22.02.2023 16:55 2594

«Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» форматындағы іс-шаралар шеңберінде «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Балабақша директоры Бейбітгүл Қазақпаева бастаған топ  Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған №17 «Достық» коррекциялық балабақшасында болып, кинетикалық құм, құрғақ душ, логопед кабинеті, ЛФК, емдік сауықтыру массажы, дефектолог кабинетін аралады. Ал мемлекеттік арнаулы психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған №37 «Айгерім» коррекциялық балабақшасында делегация өкілдеріне Монтессори элементтері, фиброоптикалық талшықтар, құм-терапиясы, кинетикалық құм, құрғақ душ, «Көңіл күй» интерактивті колоннасының жұмысын көрсетті. Делегация өкілдері Шымкент қаласындағы «Bambini-Монтессори» бөбекжай балабақшасындағы Монтессори сыныптары, бассейн, арт- терапия, логопед, ЛФК, емдік массаж кабинеттерін аралап көрді. «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдармен танысудың келешекте ынтымақтастықты орнату және тәжірибе алмасу контекстіндегі маңыздылығын атап өтті.

Шымкент қаласындағы Медициналық орталық күндері аясында балабақша өкілдері жергілікті мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерімен өтетін дөңгелек үстел барысында презентацияларын ұсынып, шеберлік сағатын ұйымдастырып, инновациялық әдіс-тәсілдер мен тәрбиені ұйымдастыруда қолданылатын тиімді тәжірибелермен бөлісетін болады.

«Қарлығаш» балабақшасы»  – еліміздің алдыңғы қатарлы мектепке дейінгі ұйымдарының бірі, жалпы жобалық қуаты 750 орындық үш жеке тұрған балабақшамен ұсынылған. Бүгінгі таңда балабақша Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың білім беру қызметтерін көрсететін инновациялық балабақша болып табылады. Балабақша басшысы Бейбітгүл Қазақпаева кездесу барысында балабақшаның өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігін атап өтті.

Ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде Қазақстанның өзге де өңірлерінде өткізу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға