Жаңалықтар

Президент Петербург форумында Жайық өзенінің экологиялық қиын жағдайы туралы айтты

Президент Петербург форумында Жайық өзенінің экологиялық қиын жағдайы туралы айтты
17.06.2022 21:28 1298

Мемлекет басшысы ЕАЭО елдерінің экологиялық мәселелерін бірлесіп шешуді ұсынды, деп хабарлайды El.kzсайты  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Біз «жасыл» инвестицияларды арттыру мен тиісті жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін жүйелі түрде кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Экологиялық проблемалар жаһандық сипатта болады және әлемнің барлық дерлік еліне, соның ішінде Қазақстанға да әсер етті. Мәселен өткен жылы жауын-шашын мен өзендердегі судың аз болуынан көптеген фермерлер құрғақшылықтан зардап шекті. Трансшекаралық Жайық өзені қазір қиын жағдайда, - деді Қазақстан Президенті.

Қ. Тоқаев мемлекеттердің орнықты дамуына төнген осындай ұзақмерзімді сын-қатерлерді бірлесіп шешу керегін айтты. 

— «Тұйық цикл экономикасы» - циркулярлық экономика қағидаттарын енгізу келешегін қарауымыз керек деп ойлаймын. Біз ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайту, жаңартылатын энергетика секторын кеңейту және осы саладағы транзиттік шығындарды азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға қатысып жатыр. Сессияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы Египет Президенті Абдул-Фаттах Ас-Сиси сөз сөйлейді. 

Форум қатысушыларына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнеүндеу жолдайды. Спикерлер сөз сөйлеп болған соң сұрақ-жауап форматында ашық пікірталас өтеді.




Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға