Президент айтпаса істемей ме? Ауыл шаруашылығы техникалары несиеге беріледі
19.07.2022 01:35
2405
Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды EL.KZ экология министрлігіне сілтеме жасап.
"Жасыл даму" АҚ (ҚР ЭГТРМ) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдікті несие беру мәселесін пысықтауға кірісті - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға