Президент «Янги Узбекистон» саябағындағы монументке гүл шоғын қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21.12.2022 18:46
1437
Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті