Жаңалықтар

Президент Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Президент Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады
Фото: Ақорда 26.02.2024 17:46 772

Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президентке берілген мәліметке сәйкес, орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб спортшылары, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун (көзі нашар көретіндерге арналған үстел теннисі) ұйымдастырылады.

Президент Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Сурет: Ақорда

Ғимарат кәсіби теннис үстелдерімен және басқа да спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстардан кейін және жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қайта қалыпқа келуі үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттың осы түрі бойынша өңірдің жетістіктері туралы мәлімет берілді. Мысалы, өткен жылы облыс командасы Қазақстанның ашық чемпионатында жеңімпаз атанған.

Президентке тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды.

Президент Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға