Президент Ұлттық құрылтай мүшесін қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
22.02.2023 18:41
1613
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиевті қабылдады.
Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Бөлісу:
