Жаңалықтар

Президент Үкіметтің өрескел олқылығын атады

Президент Үкіметтің өрескел олқылығын атады
Фото: Ақорда 18.04.2025 17:34 349

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуіне қатысты тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы. Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек, - деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға