Жаңалықтар

Президент Түркістан қаласының ерекше мәртебесін бекітті

Президент Түркістан қаласының ерекше мәртебесін бекітті
Фото: Ақорда 03.03.2025 10:05 269

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға