Жаңалықтар

Президент: «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек

Президент: «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек
Фото: t.me/aqorda_resmi 03.11.2023 13:41 897

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері — Түркі мемлекеттері ұйымы. Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету — ортақ мұрат. Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі, — деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отырғанын баса айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға