Жаңалықтар

Президент Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

Президент Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi 14.05.2024 16:01 481

Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға