Жаңалықтар

Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды - Ерлан Қарин

Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды - Ерлан Қарин
Фото: Akorda.kz 03.04.2024 10:39 493

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген, - деп жазды Ерлан Қарин.

Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің кешенді жоспары қабылданатынын айтты.

Жоспарға сәйкес 10 заң (есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, археология саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наградалар туралы және басқалары) әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ. Бір сөзбен айтсақ, президенттің Атырауда көтерген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр, - дейді Мемлекеттік кеңесші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға