Мемлекет басшысы тағы бір заңға қол қойды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
01.04.2025 19:02
444
Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері +35 градусқа дейін ыстық болады
Келесі жаңалық
Алматыда бизнес субъектілерінің төлқұжаттау жүйесі енгізілді