Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады
Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
06.09.2022 10:02
1048
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді. Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 8 мың тоннаға жуық мазут заңсыз сатылған
Келесі жаңалық
Қазақстандық шпагашылар Венгриядағы Гран-приге қатысады