Жаңалықтар

Президент сот жүйесіне кадрлық өзгерістер жасады

Президент сот жүйесіне кадрлық өзгерістер жасады
Фото: Ақорда 02.03.2023 11:57 1606

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Соттары төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабынын 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 8) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес қаулы етемін», - делінген құжатта.

Жарлық мәтініне сәйкес, Смағұлов Айдар Әскербекұлы СҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып Ақтөбе облыстық сотының төраға қызметіне тағайындалды.

Бәкішев Асан Болатұлы Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья қызметіне тағайындалды.

Есжанов Сабыржан Рысбекұлы БҚО Жаңақала аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Орал қаласының №2 сотының судья қызметіне тағайындалды.

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы Ақтөбе облыстық сотының төрағалығынан басқа қызметке сайлануына байланысты босатылды.

Елемесов Қайырбек Құсайынұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы ретінде қала отырып Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылды.

Ли Жанна Михайловна өз тілегі бойынша Астана қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Жұмақсанов Елдос Шағанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Абай облыстық сотының судльясы қызметінен босатылды.

Бақтығұлов Маханбет Сапарұлы орнынан түсуіне байланысты БҚО сотының судьясы қызметінен босатылды.

Нұржігітов Нұрбақыт Тұртайұлы орнынан түсуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Исабекова Рыскүл Қазиқызы орнынан түсуіне байланысты Қарағандық облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Лукьянов Александр Иванович орнынан түсуіне байланысты ШҚО сотының судьясы қызметінен босатылды.

Исабекова Раушан Қайырқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Серікбаев Еркін Тәжіханұлы өз тілегі бойынша Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Көшікбаев Мәди Жаубасарұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы ретінде қала отырып, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Күреңбеков Олжас Қуатұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, судья ретінде қала отырып Алматы облысы Қонаев қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Құспанов Әділ Ишахатұлы орнынан түсуіне байланысты Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Тілеубеков Ерғазы Өтенұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сот судьясы ретінде қала отырып Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Шегенов Ерлан Морякұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сот судьясы ретінде қала отырып Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №3 сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Гавриченкова Татьяна Викторовна орнынан түсуіне байланысты Теміртау қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Алдабергенов Марат Сисенбайұлы орнынан түсуіне байланысты Маңғыстау облысы Бейнеу адуандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Ақпар Анна Николаевна өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, соттың судьясы ретінде қала отырып ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға