Президент ШЫҰ-ны одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
04.07.2024 13:17
646
Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті, дееп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Осыған орай ұйымның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын одан әрі арттыру үшін ШЫҰ тетіктерінің жұмысын жетілдіруге баса мән берілді. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ тарихындағы тағы бір маңызды кезеңге жол ашатынына, сондай-ақ ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан президенті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдік экономикада жағымсыз үрдістер белең ала бастады – Тоқаев
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты