Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
27.09.2022 18:10
1986
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады.
«Қазір зауыт ішкі нарықтың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің сапасы да жақсарды. Бұл – өте ауқымды жұмыс. Осының бәрі сіздердің, яғни жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы үш жылда зауыттың бензин өндірісі 2,1 миллион тоннаға, авиакеросин өндірісі 340 мың тоннаға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға дейін артқан. Өнім толықтай ішкі нарыққа өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев шатыр басып қалған туды көтерген азаматтарға алғыс айтты