Жаңалықтар

Президент шетелден әкелінген автокөліктерге қатысты мәлімдеме жасады

Президенттің айтуынша, елген автокөлікті заңсыз кіргізетін арналарды жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.
Президент шетелден әкелінген автокөліктерге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: kolesa.kz 01.09.2022 12:02 1626

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстанға заңсыз кіргізілген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шешім жасауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Президенттің айтуынша, елген автокөлікті заңсыз кіргізетін арналарды жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.

«Сонымен қатар биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға