Президент сайлауында қазақстандықтар 53 елде дауыс бере алады
Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлім етті
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
14.11.2022 17:54
1168
Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті сайлауында еліміздің шет елдердегі мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz
«Әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп жоспарлап отырмыз. Шетелде дауыс беру процесін уақтылы және толыққанды дайындау үшін Қазақстан азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласуды және сайлаушылар тізіміне енгізу үшін деректерді ұсынуды сұраймыз», - деп атап өтті Айбек Смадияров.
Оның мәлімдеуінше, шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыс беру 20 қараша, жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:00-20:00 аралығында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті