Президент сайлауы: Тағы бір үміткер заң талаптарына сай емес
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында айтылды
Фото: kazakh24.info
Фото: kazakh24.info
13.10.2022 11:45
1999
Талғат Ерғалиев Президенттікке үміткер ретінде қабылданбады, деп хабарлайды El.kz
Талғат Ерғалиев 2022 жылы 7 қазанда Қазақстан құрылысшылар одағы республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен ҚР Президенттіке үміткер ретінде ұсынылды. 10 қазан күні ҚР Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сай ҚР Президентітігіне үміткер ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ҚР Президенттігіне үміткер Талғат Ерғалиев ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңындағы талаптарға сәйкес емес. Осыған байланысты арнайы хаттамаға қол қойылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Хайролла Мағауияұлы Президенттікке үміткер ретінде қабылданбады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды