Президент Рим Папасы Францискке көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
01.01.2023 12:50
1141
Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында Рим Папасы XVI Бенедикттің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Католик шіркеуінің бұрынғы көшбасшысын әлемге танымал рухани қайраткер, бейбітшілік пен өзара түсіністікті, гуманизм идеяларын ілгерілету жолында қажырлы еңбек сіңірген ұлы тұлға деп білеміз. Адамзат баласына аманат етілген құндылықтарды қорғауға айтарлықтай үлес қосқан Аса Қасиетті XVI Бенедикттің жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында мәңгі сақталады. Қаралы сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан күллі католик қауымына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рим Папасы Бенедикт XVI дүниеден өтті
Келесі жаңалық
Қызылорда облысында заңсыз сот актілерінің күші жойылды