Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады
Фото: @aqorda_resmi
Фото: @aqorda_resmi
15.01.2023 17:20
1391
Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Непалда ұшақ апатынан 40 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді