Жаңалықтар

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды
Фото: Ақорда 09.03.2023 20:09 1155

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Ақсай қаласындағы «PetrolValves Kazakhstan» ЖШС-нің өндіріс цехына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Италиялық «PetrolValves S.p.A» және қазақстандық «Merlion Development Group» ЖШС біріккен кәсіпорын мұнай-газ және энергетика өнекәсібінде қолданылатын жоғары технологиялық тиекті арматуралар, клапандар өндірумен және оларды жөндеумен айналысады. Бұл – Қазақстанда жоғары технологиялық клапандар өндіретін және сервистік қызмет көрсететін жалғыз өндіріс орны.

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Компания директоры Динар Хамиев бастапқы кезеңде «PetrolValves Kazakhstan» жылына 500 клапан өндіруді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ аталған орталық италиялық серіктестің патенттелген Valve New Life бағдарламасына сәйкес, жергілікті мұнай-газ кәсіпорындарына өндірістік процестен қол үзбей сервистік қызмет көрсетеді.

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Алдағы уақытта кәсіпорын америкалық мұнай институтының API 6D сертификатын алуды және кейбір компоненттерді өзімізде өндіруді, осылайша өнімнің жергілікті құрамын 2024 жылға дейін 75 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Жоба «IMB Центр» халықаралық мұнай-газ саласындағы машина құрастыруды дамыту орталығының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция құйылған. Қазіргі таңда кәсіпорында 43 адам жұмыс істейді. Оның 37-сі – жергілікті тұрғындар.

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Президент «PetrolValves Kazakhstan» өндіріс цехына барды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға