Президент Оман сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
18.11.2024 15:01
756
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды