Жаңалықтар

Президент оңтүстік халқына еңбекқорлығы үшін ризашылығын білдірді

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Президент оңтүстік халқына еңбекқорлығы үшін ризашылығын білдірді
Фото: Ақорда 27.09.2022 17:51 1403

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап, оңтүстік халқына еңбекқорлығы үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы тұста Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап өткім келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент бұл өңірдің халқы қашаннан еңбекқор екенін атап өтті.

«Жалпы, оңтүстік халқы қашанда еңбекқорлығымен танымал болған. Бұл қасиеттеріңіз – көпшілікке үлгі-өнеге. Халқымыз «Еңбек – ырыстың қазығы» деген. Мен адал еңбекпен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға