Президент Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
23.06.2024 09:33
807
Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда Полиция күні атап өтілуде
Келесі жаңалық
«90+1» кинокартинасы көрерменге жол тартпақ