Президент Мажарстан премьер-министрін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Виктор Орбан мырзаның екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаймын. Құрметті Виктор Орбан мырза, сіздің осы сапарыңыз қазақ-мажар ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Екі елдің достығы мәңгі бола берсін, - деді Президент.
Виктор Орбан Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген марапаты үшін алғыс айтты.
Аса құрметті Президент мырза, Қазақстанға шақырғаныңызға, осы сапарымызды ұйымдастырғаныңызға алғысымды білдіремін. Осындай екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты әрі қарай нығайту мақсатында жасаған еңбегіңізге, берген марапатыңызға көп рахмет, - деді Мажарстан премьер-министрі.