Жаңалықтар

Президент Маңғыстау облысын өркендетуге бағытталған жобалармен танысты

Президент Маңғыстау облысын өркендетуге бағытталған жобалармен танысты
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 10.01.2025 02:25 176

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді. Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.

Мұнда Президентке Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысын өркендетуге бағытталған стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету аясында біз алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз: өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсарту (өңірлік экономика құрылымын әртараптандыру), халықтың әл-ауқатын арттыру (жаңа жұмыс орындар санын көбейту) және инвестициялық жобаларды жүйелі түрде іске асыру (шетелдік инвестиция көлемін ұлғайту). Осы мақсатта, біз 100 күндік акселерация қолдану жолдарын зерделедік. Акселерация әдісі — өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешіп, жаңа мүмкіндіктер ашатын нақты жобалардың іске асырылуына оң септігін тигізетін бірден бір әдіс болады. Біз тек процестерді жеделдетумен ғана шектелмейміз, негізгі мақсатымыз — құрылымдық өзгерістер арқылы аймақтың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету, - деді Н.Қилыбай шара барысында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға