Президент Лаки Кесоглуді «Барыс» орденімен марапаттады
Президент Пантелей (Лаки) Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Лаки Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР Батумиде туған) - кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
1949 жылы Грузияда тұратын грек ұлттары мәжбүрлі түрде Қазақстан аудандарына көшірілді. Сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылға қоныс аударған Лакидің отбасы көп ұзамай Түркістанға көшті.