Жаңалықтар

Президент Үкіметке «Павлодар – Астана» әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Павлодардың орасан зор транзиттік әлеуеті барын атап өтті
Президент Үкіметке «Павлодар – Астана» әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды
Фото: Ақорда 05.10.2022 16:18 1007

Бұл туралы Мемлекет басшысы Павлодар облысының халқымен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодардың орасан зор транзиттік әлеуеті бар. Бірақ, Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Оның апатты жағдайда тұрғанына біраз жыл болды.

Көпір арқылы жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Бұған дейін облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салу жоспарланған. Үкіметке келесі жылы осы жобаны бастауды тапсырамын. Жолды күтіп ұстауға баса назар аудару қажет», - деді Президент.

Президент Үкіметке «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды.

«Павлодар облысының экономикасын дамытуға өзге өңірлермен әуе қатынасын орнату айрықша ықпал ететіні анық. Қазір облыс орталығынан Астананың өзіне тікелей ұшақ ұшпайды. Үкімет жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек. Сондай-ақ жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтаған жөн», - деді Мемлекет басшысы.


t.me/bort_01

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға