Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
01.06.2023 19:19
764
Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.
Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Марат Әзілханов мектептегі көшбасшыларымен кездесті