Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
30.04.2024 15:40
1151
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны: Қостанай облысында залалды өтеуге 2439 өтініш түскен
Келесі жаңалық
Атырау облысында қызылша эпидемиясының жағдайы тұрақталды