Президент кәсіпкерлерді мектептер мен ауруханалар, университеттер салуға шақырды
Президент «Ақорда» резиденциясында еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
09.09.2022 21:10
1553
Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Адами капиталға, атап айтқанда, заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің, студенттер жатақханаларының, жастарға арналған спорт ғимараттарының тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз ел үшін елеулі болар еді, – деді Президент.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада ашық аспан астында ауқымды концерт өтеді
Келесі жаңалық
Құмар ойынды жарнамалаған танымал әнші сотталды