Президент: Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
30.03.2023 11:49
619
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инфляцияны тежеу қажет, биыл оны кемінде екі есеге төмендету керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек – Тоқаев
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты