Жаңалықтар

Президент Халықаралық волонтерлер форумына қатысады

Президент Халықаралық волонтерлер форумына қатысады
Фото: Akorda.kz 21.06.2023 10:02 1158

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлады. 
 
Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ.
  
Сонымен қатар жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға