Президент «Газпром» төрағасымен жаңа жобаларды талқылады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
24.03.2023 20:11
1026
Мемлекет басшысы «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллермен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ кездесу барысында газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қаңғыбас мысықтарға арналған үй орнатылды
Келесі жаңалық
Қарағандыда автобус өртенді