Президент Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
19.07.2023 22:48
852
«Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметіне сәйкес, екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Футбол: «Қайрат» «Пахтакордан» жеңіліп қалды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды