Президент Екібастұздағы ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
09.08.2023 12:45
767
Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың telegram арнасына сілтеме жасап.
«Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы орташа айлық 365 мың теңге болды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді