Президент Доха форумына мәртебелі мейман ретінде қатысты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
07.12.2024 13:37
495
Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.
Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Құмар ойынмен қалай күресуге болады
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды