Президент бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
04.01.2024 19:02
2167
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорда-ға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына, Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
- Тамара Дүйсенова Үкімет басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
- Бас прокурордың орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабыров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымынан босатылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда 20-дан астам ашық мұз айдыны қолжетімді болады