Президент Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
13.01.2025 19:00
462
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады