Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
09.09.2022 14:46
2332
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қабылдады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесті. Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген тақырыптар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордада пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді