Жаңалықтар

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды марапаттады

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды марапаттады
Фото: Ақорда 17.04.2025 14:39 542

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға