Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығы басшысына тапсырма берді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
09.01.2023 18:03
1447
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді