Жаңалықтар

Президент апатты жағдайда тұрған 15 көпірді ретке келтіруді тапсырды

Президент Жетісу аймағының транзиттік әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті
Президент  апатты жағдайда тұрған 15 көпірді ретке келтіруді тапсырды
Фото: Ақорда 20.10.2022 10:17 931

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz

«Жетісу аймағының транзиттік әлеуеті өте жоғары. Өңірдің бұл әлеуетін толық пайдалану үшін көлік инфрақұрылымын дамыту керек. Алдымен апатты жағдайда тұрған 15 көпірді жақын арада ретке келтіру қажет. Жолдарды күтіп ұстау және жөндеу мәселесі құзырлы мемлекеттік органдардың айрықша бақылауында болуға тиіс. «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және «Үшарал – Достық» тас жолдары салынып жатыр. Осы жылдың соңына дейін жолдың асфальтты қабатын салып бітіру қажет. Құзырлы органдарға жұмыс барысын қатаң бақылауға алып, келесі жылы толық пайдалануға беруді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев:.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға