Жаңалықтар

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Фото: Gov.kz 06.01.2025 09:07 512

Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Дархан Сатыбалды 2022 жылдың 31 тамызынынан бері Түркістан облысының әкімі лауазымын атқарып келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға