Президент: Тарихымыз тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек
16.06.2022 16:56
1029
Мемлекет басшысы Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатқандығы туралы Ұлттық құрылтайда айтты, – деп хабарлайды El.kz.
– Мен былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек. Дегенмен, мәселе уақытта емес, сапада. Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек. Ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырамын. Қажет болса, шетел ғалымдарын да тартуға болады,- деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі несімен тиімді