Президент: Кәсіби заңгерлерді Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырамын

16.06.2022 17:54
1756
Қазіргі таңда елімізде үш жүзге жуық судья жетіспейді. Сол орындарға әділ, адал және білікті жастарды тарту қажеттігі туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айтты,- деп хабарлайды El.kz.
– Біз барлық салада бәріне бірдей мүмкіндік беретін нағыз әділ қоғам құруымыз керек. Оның бір жолы – тәуелсіз сот жүйесі. Бабаларымыз «Тура биде туған жоқ деген» деген сөзді тегін айтқан жоқ. Біз қара қылды қақ жарған билер жолын жалғастыруға тиіспіз. Қазіргі таңда елімізде үш жүзге жуық судья жетіспейді. Сол орындарға әділ, адал және білікті жастарды тартуымыз қажет. Мен мықты кәсіби заңгерлерді Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырамын, – деді Қ.Тоқаев.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Торғай халқының аманаты Президентке жетті
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды